jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Мбаппе және Марцело Брозович: Асхат Тағыберген мен Магомед Адиев FIFA The Best 2023 номинациясында кімге дауыс берді

    Футболшы Асхат Тағыберген
    Футболшы Асхат Тағыберген. Фото: kff.kz

    The Best FIFA Footbal Awards "2023 жылдың үздік футболшысы" атағына дауыс беру нәтижесін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ fifa.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны және "Ордабасы" клубының футболшысы Асхат Тағыбергеннің ойынша, жылдың ең үздік футболшысы – 2022 жылғы Әлем чемпионатының финалисі, франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе. Екінші орында "Алтын доп" жүлдесінің 8 дүркін иегері Лионель Месси болса, Асхаттың үздік үштігін "Әл-Наср" командасының футболшысы Марцело Брозович аяқтайды.

    Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев Лионель Мессиді "ең үздік футболшы" деп таныды. Бапкер тізімінің екінші орнында "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне болса, үшінші орында Килиан Мбаппе.

    Естеріңізге сала кетейік, жалпы дауыс беру нәтижесі бойынша, Лионель Месси – "2023 жылдың ең үздік футболшысы" деп танылды.

    Мбаппе және Марцело Брозович: Асхат Тағыберген мен Магомед Адиев FIFA The Best 2023 номинациясында кімге дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.