Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубына қайта оралды

Опубликовано:

Футболшы Рамазан Оразов
Футболшы Рамазан Оразов. Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін жартылай қорғаушы словениялық "Копер" командасының намысын қорғаған еді. Рамазан словениялық клуб сапында 12 ойын өткізіп, 1 гол салды.

25 жастағы футболшы 2021-2022 жылдары бір жарым маусым "Ақтөбе" командасында өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер лигасының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алматылық "Қайрат" командасының түлегі. Одан бөлек "Тобыл", "Ақсу", және ресейлік "Чайка" командасында өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055772-ramazan-orazov-aqtobe-futbol-klubyna-qaita-oraldy/

pixel