Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысымен келісімшарт жасасты

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен футболшы Самат Жарынбетовпен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ордабасы" клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жартылай қорғаушы Самат Жарынбетов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 7 матч өткізген. Сонымен қатар кәсіпқой футболшы мансабында "Екібастұз" және "Тобыл" футбол клубтарында ойнаған.

Самат – қазақстандық клубтар сапында жалпы есепте барлық турнирлерді есептегенде 309 матчқа қатысқан ойыншы. Оның 20 кездесуі еурокубоктық матчтар.Кәсіби футболда 11 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" арасындағы Суперкубок ойыны шетелде өтуі мүмкін. Қостанайлық ұжым ойынды "Тобыл Арена" жабық футбол кешенінде өткізуді ұсынды. Десе де "Ордабасы" бұл ұсыныстан бас тартты. Олар өз кезегіне Суперкубокты Шымкенттегі Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда ойнауды ұсынды. Қазіргі уақытта алаңның сапасы талаптарға сәйкес келмейтіндіктен, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бұл нұсқадан да бас тартқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055820-ordabasy-futbol-kluby-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-oiynsysymen-kelisimsart-zasasty/

pixel