jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалшы Біржан Оразовтың Германияға қандай себеппен кеткені белгілі болды (фото)

    Біржан Оразов
    Біржан Оразов. Фото: Alex Caparros - FIFA/FIFA via Getty Images

    Футзалдан алматылық "Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразовтың тізесіне Германияның Мюнхен қаласында ота жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Біржан Оразовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футзалшы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында Мюнхендегі ауруханада жатқан фотосын жүктеді.

    "Операция сәтті өтті, Альхамдулиллах. Енді реабилитация, ИншАллах талай жеңіс алда", – деп жазды Біржан Оразов.

    Айта кетейік, Біржан 2013-2016 жылдар аралығында "Ұшқын-Искра" футзал командасында ойнаған. Кейін астаналық "Сайран" ұжымында да өнер көрсетті. Алдыңғы команданың қаржылық қиындықтарға тап болып, жабылып қалуына байланысты талдықорғандық "Жетісуге" ауысқан. 29 жастағы футзалшы алматылық "Қайрат" командасында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді.

    Еске салайық, 2022 жылы Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында үздік сұрмерген атанған еді. Дүбірлі додада жеті гол салып, көрермен ықыласына бөленген болатын.

    Футзалшы Біржан Оразовтың Германияға қандай себеппен кеткені белгілі болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.