jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадридтің" бас бапкері жақсы көретін футболшысын атады

    Начо мен Карло Анчелотти
    Начо мен Карло Анчелотти. Фото: Helios de la Rubia/Real Madrid via Getty Images

    Италиялық бапкер Карло Анчелотти кәсіби мансабында жаттықтырған барлық футболшылардың ішінде Зинедин Зиданды артық көретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ itasportpress.it порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    64 жастағы футбол маманы бұрын Испанияға көшіп, жаңа ортаға бейімделу кезінде Зиданның көп көмектесіп, сүйікті футболшысына айналғанын айтты.

    "Зидан – мен жаттықтыру кезінде көрген ең мықты ойыншы. Оның қолынан келмейтіні жоқ. Испанияға көшіп келген уақытта оңай болмады. Бірақ Зидан клуб пен ойыншыларды жақсы білетін, соның пайдасы маған да тиді. Ол маған франциялық ойыншылармен тіл табысуда, елдің мәдениеті мен тілін үйренуіме қолғабыс етті. Зидан шынымен көп көмек көрсетті", – деді бапкер.

    Айта кетейік, Карло Анчелотти мадридтік "Реал" футбол клубының бас бапкері. Анчелотти 2021 жылы Зинедин Зидан қызметінен кеткеннен кейін бас бапкер болып тағайындалды.

    "Реал Мадридтің" бас бапкері жақсы көретін футболшысын атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.