jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Ақтөбеге" оралуы жайлы айтты

    Азамат Шайхы мен Рамазан Оразов (солдан оңға қарай)
    Азамат Шайхы мен Рамазан Оразов (солдан оңға қарай). Фото: fc-aktobe.kz

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубына оралуы туралы пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Керемет сезімде тұрмын, өйткені осы "ақ-қызылдар" отбасында бір жарым маусым өткіздім және қайтып келгеніме қуаныштымын. Негізгі факторлардың бірі – жанкүйерлер. Осы клубта жақсы ойыншылар жиналып жатыр. Барлығын танимын. Маусымға үлкен міндеттер қойылып отыр".

    "Ақтөбеге" қайтып оралған Рамазан Оразов футболшы Самородовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

    "Макс (Максим Самородов) екеуміз алаңнан тыс та жақсы доспыз, көп сөйлесеміз, ұлттық құраманың ойындары кезінде әрқашан бірге тұрамыз. Біздің жақсы тіл табысуымыздың бірден бір себебі де осы шығар. Дайындықтар керемет өтуде, бапкермен таныстым. Бәрі жақсы, күннен күнге жақсара беретініне күмәнім жоқ", – деді Рамазан.

    Еске салайық, Оразов 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін словениялық "Копер" командасында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы алматылық "Қайрат" командасының түлегі. Одан бөлек "Тобыл", "Ақсу", және ресейлік "Чайка" командасында өнер көрсетті.

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Ақтөбеге" оралуы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.