Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футболды қайтемін дедім": Марат Быстров Төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істемек болғанын айтты

Опубликовано:

Марат Быстров
Марат Быстров. Фото: instagram.com/marat_bystrov

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров әскерден келген соң Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істемек болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sport24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марат Быстров әскерге барып келген соң кәсіпқой футболға орала алмаймын деп ойлапты.

"Менің екі досым ТЖМ-да қызмет атқаратын. Жалақысы айына 30 мың рубль. Мен де сол жақта жұмыс істеп, сонымен қатар КФК-да (әуесқой футболдан Ресей чемпионаты) ойнамақ болдым. Ол жақта айына 15-20 мың рубль береді. Бәрін есептегенде айына 50 мың тапсам жетеді деп ойладым", – деді Быстров.

Кейін Маратты "Челябинск" футбол клубының басшылығы командаға шақырған көрінеді.

"Мен барғым келмеді. Футболды қайтемін, ТЖМ-ға жұмысқа тұрып алдым ғой деп ойладым. Сол кезде анам көзімді ашты: "Марат, біз сені қаралымдарға үнемі алып барамыз. Ал осы жолы сені бірінші рет өздері шақырып тұр" деді. Сол кезде бару керегін түсіндім. Нәтижесінде қаралымнан өттім, айына 25 мың рубль жалақы төледі. Екінші лигада 2,5 жыл ойнадым", – деді футболшы.

Марат Быстров футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жайлы ойын айтты.

"Мен "Ахматта" ойнамаған кезде де ол маған сенді және ұлттық құрамаға шақырды. Адами қарым-қатынасы үшін мен оған өте ризамын. Адиев – өзіне сенімді жаттықтырушы. Оның сенімділігі командаға жігер береді. Осыдан кейін нәтиже шығады. Капитан кемемен бірге суға кетеді деген сөз бар. Бірақ біз капитанымызбен, жаттықтырушымызбен соңына дейін қалатын едік", – деді Марат Быстров sport24.ru сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Марат Быстров жақында "Астана" футбол клубының сапына қосылды. Ол осыған дейін Ресейдің "Ахмат" футбол клубында ойнаған. Маратпен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058281-futboldy-qaitemin-dedim-marat-bystrov-reseidin-totense-zagdailar-ministrliginde-zumys-istegenin-aitty/

pixel