jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия кубогының ширек финалына өтті

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы. Фото: Adam Nurkiewicz/Getty Images

    Азия кубогының 1/8 финалында Өзбекстан ұлттық құрамасы Таиланд командасын 2:1 есебімен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әл-Вакра (Қатар) қаласында өткен ойынның есебін 37-минутта Өзбекстан құрамасынан Азизбек Тұрғынбаев ашты. Кейін қарсылас команданың ойыншысы Сарачат Супачок (58-минутта) есе қайтарды. Содан соң өзбекстандықтар Аббосбек Файзуллаевтың голы (65-минутта) арқылы жеңіске жетіп, Азия кубогының ширек финалына шықты.

    Енді Өзбекстан футболшылары ширек финалда жарыс қожайындары Қатар командасына қарсы ойнайды. Қатар құрамасы 1/8 финалда Палестинаны 2:1 есебімен ұтқан еді.

    Осыған дейін футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алғанын жазғанбыз. В тобында Үндістан ұлттық құрамасын 3:0 есебімен ұтып, Сирия және Аустралиямен тең ойнаған өзбекстандықтар 5 ұпай жинап, 2-орынмен плей-офф кезеңіне өткен болатын.

    Айта кетейік, Азия құрлығының футбол додасы Қатар мемлекетінде өтіп жатыр. Байрақты бәсеке 12 қаңтарда басталды және 10 ақпанға дейін жалғасады.

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия кубогының ширек финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.