jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Есе қайтарамыз": Магомед Адиев ұлттар лигасының жеребе нәтижесі туралы айтты

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024/25 жылғы UEFA ұлттар лигасының жеребе нәтижесі туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    UEFA ұлттар лигасының жеребесі бойынша Қазақстан құрамасы В лигасының 3-тобында Аустрия, Норвегия, Словенияға қарсы ойнайды.

    "Тобымыз қиын болып шықты. Әр матчта бәсекелестікке төтеп беріп, жеңіс үшін ойнаймыз. Холанд, Алаба секілді әлемдік жұлдыздарға қарсы ойнағанда белгілі бір деңгейде жауапкершілік артылып, футбол жұртшылығының назарында болатынымызды түсінеміз.

    Словенияда кеткен есебіміз бар, сондықтан олар біз үшін ерекше қарсылас болмақ. Оның үстіне, осындай мықты ойыншыларға қарсы өзіңді бір тексеріп алу әркез қызық. Нұралы Әліп үшін де мұндай мықты футболшыға қарсы ойнаған қызық болмақ", – деді Магомед Адиев.

    UEFA ұлттар лигасының топтық кезеңі осы жылдың 5 қазан және 19 қараша аралығында өтеді. Ширек финал 2025 жылдың наурызында болады. Ал финал 2025 жылдың маусым айына жоспарланған.

    Еске салайық, ұлттар лигасының өткен маусымының финалында Хорватия мен Испания құрамалары кездескен еді. Пенальти сериясында испаниялықтар 5:4 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанған болатын.

    "Есе қайтарамыз": Магомед Адиев ұлттар лигасының жеребе нәтижесі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.