Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсыныстар түсті": Магомед Адиев ресейлік клубты жаттықтыруы мүмкін

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге оралуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24 порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар түсті және әлі де келіп тұрады. Бірақ мен Қазақстан құрамасымен бастаған циклді аяқтауым керек, содан кейін әрі қарай шешім қабылдаймын. Мен өз сөзімнен айнымаймын: алдағы матчтарға қатысқым келеді. 

Әрине, жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ оны армандаймын деп айта алмаймын. Мен қай кезде де нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында бәріне көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға бірдеңе бердім деп үміттенемін. Бар ойым алдағы ойындарда", – деді Адиев.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді. Осыған дейін ол "Ахмат", "Анжи" және басқа да ресейлік клубтарда жұмыс істеген.

Айта кетейік, 21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне жолдама алу үшін Грекияға қарсы кездесу өткізеді. Осыған дейін Магомед Адиев ұлттар лигасының жеребе нәтижесі туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2060696-usynystar-tusti-magomed-adiev-reseilik-klubty-zattyqtyruy-mumkin/

pixel