Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Премьер лигасына шақырту алған команда белгілі болды

Опубликовано:

"Ақсу" футбол клубының ойыншылары
"Ақсу" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fcaqsu

Қазақстан Премьер лигасында ойнайтын 14-команда анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін "Мақтаарал" футбол клубына Қазақстан чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензия берілмегенін жазған едік. Атакенттік команда лицензиялау жөніндегі ережелердің талаптарын орындамады ең минималды талаптарға сай келген жоқ.

Енді "Мақтааралдың" орнына Премьер лигада павлодарлық "Ақсу" футбол клубы ойнайтын болды. Бұл команда 2022 жылы Премьер лиганың дебюттік маусымында 6-орын иеленді, ал өткен жылы чемпионатты соңғы 14-орынмен аяқтаған еді.

Спорттық қағидатты сақтау мақсатында чемпионаттың жаңа маусымына қатысу туралы ұсыныс Бірінші лига клубтарына және өткен жылдың қорытындысы бойынша Премьер лигада соңғы орындарға жайғасқан үш клубқа жіберілді. Нәтижесінде, "Ақжайық", "Хан Тәңірі", "Арыс", "Түркістан", "Тараз" және "Оқжетпес" клубтары қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, "Каспий" ФК-да сәйкессіздіктер анықталды, ал "Қыран" ФК қатысу туралы ұсынысқа жауап бермеген.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы клубтардың бәсекеге қабілеттілігін сақтау және чемпионаттың сапасын арттыру мақсатында Премьер лигаға қатысушылар санына өзгерістер енгізбеудің маңызды екенін атап өтті.

"14 клубпен өткізу форматы соңғы 3 маусымда өзінің қажеттілігін дәлелдеп, ойын күнтізбесін икемді және жоспарлауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл формат қатысушыларға жоғары дивизионда өнер көрсету үшін жоғары сәйкестік талаптарын белгіледі, нәтижесінде футбол клубтарының дамуына оң әсер етті", – делінген Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2061216-qazaqstan-premer-ligasyna-saqyrtu-algan-komanda-belgili-boldy/

pixel