Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚПЛ-дың жаңа маусымдағы алғашқы голы тіркелді (видео)

Опубликовано:

"Астана" футбол клубы
"Астана" футбол клубы. Фото: Marko Lukunic/Pixsell/MB Media/Getty Images

Футболдан Қазақстан Премьер лигасының 2024 жылғы маусымы басталды. Жаңа маусымның алғашқы голы соғылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ҚПЛ-дың алғашқы турында "Астана" және "Жеңіс" футбол клубтары кездесті. Ойынның және маусымның бірінші голын "Астана" командасының шабуылшысы Усман Камара 19-минутта соқты.

Шартты түрдегі алаң иелері жылдам қарсы шабуылға ұмтылған еді. Алыстан асырылған пасқа "Жеңіс" командасының қақпашысы бірінші болып жеткенімен, допты Камараның аяғына салып берді. Осылайша алғашқы гол тіркелді. Астаналық ұжымдар арасындағы матч әлі аяқталған жоқ.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Рафаэль Гарибян ел Премьер лигасының өзгерістері туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2064007-qpl-dyn-zana-mausymdagy-algasqy-goly-tirkeldi-video/

pixel