jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен ең мықты футболшымын": Әлішер Келгенбай "Астана" сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді

    Әлішер Келгенбай
    Әлішер Келгенбай. Фото: instagram.com/alisher.kelgenbay

    Астана" футбол клубымен келісімшартқа отырған блогер және медиа-ойыншы Әлішер Келгенбай елордалық командадағы әріптестерімен танысып, жаттығуға қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әлішер Келгенбайдың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлішер Келгенбай "Астана" командасының ойыншыларына өзін таныстырды.

    "Ассалаумағалейкум, жігіттер! Есімім – Әлішер, қазақ футбол блогерімін. Оқырмандарым үшін мен ең мықты футболшымын. Бірақ "Астана" футбол клубының ойыншыларымен танысып, менен де мықты футболшылар бар екенін көрсетуіміз керек. Бірге жаттығу жасап, чемпиондыққа жетейік. Қазақстанның ең сүйікті командасына айналайық", – деді Әлішер.

    Еске салайық, Әлішер Келгенбай "Астана" футбол клубымен 6 айға келісімшарт жасасқан еді. 28 жастағы ойыншы тұңғыш рет кәсіпқой футболда бақ сынамақ. Ол жақында футболдан әуесқойлар арасындағы AFL сup халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының сапында ойнап, чемпион атанған еді.

    "Мен ең мықты футболшымын": Әлішер Келгенбай "Астана" сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.