jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Келіссөз жүргізу керек": Қазақстан құрамасының экс-футболшысы бас бапкерге қатысты пікір білдірді

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: kff.kz

    Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Алексей Попов Магомед Адиевтің бас бапкер ретіндегі қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "Чемпионат" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне арналған плей-офф турнирінің жартылай финалында Грекиядан ірі есеппен жеңіліс тапқан болатын.

    "Адиев қаласа басшылықпен келіссөз үстеліне отыруы керек. Біз өзара тиімді ынтымақтастыққа келуіміз керек. Менің ойымша, Адиевпен жұмысты жалғастыру керек. Ол ұлттық құрамада өзіне сенетін команда құрды. Бұл жағдайда жаттықтырушыны ауыстырудың мәні жоқ. Жаңа идеялары бар жаттықтырушыны жалдасаңыз, тағы да қауіп бар. Адиевпен келіссөздер жүргізу керек", - деді Попов.

    Бұған дейін Магомед Адиевтің өзі отставкаға кетуі мүмкіндігі туралы айтқан болатын.

    "Келіссөз жүргізу керек": Қазақстан құрамасының экс-футболшысы бас бапкерге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.