jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстанға жол бердік: футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде үш сатыға төмендеді

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

    Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ FIFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аргентина құрамасы рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды. Екінші сатыда Франция, үшінші орында Бельгия командалары тұр. Ал Қазақстан құрамасы үш саты төмендеп, 103-орынға жайғасқан. Бұрынғы рейтингте 104-орында болған Қырғызстан командасы 100-сатыға көтерілді.

    Еске салайық, Магомед Адиевтің шәкірттері Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекия командасынан ірі есеппен жеңілген еді. Кейін жолдастық кездесуде Люксембурге есе жіберді.

    ФИФА-ның 4 сәуірде жаңартылған рейтингі:

    • 1. Аргентина — 1858.00;
    • 2. Франция — 1840.59;
    • 3. Бельгия— 1795.23;
    • 4. Англия — 1794.90;
    • 5. Бразилия — 1788.65;
    • 6. Португалия — 1748.11;
    • 7. Нидерланд — 1742.29;
    • 8. Испания — 1727.50;
    • 9. Италия — 1724.60;
    • 10. Хорватия — 1721.07;
    • 22. Украина — 1568.86;
    • 35. Ресей — 1504.02;
    • 64. Өзбекстан — 1386.58;
    • 75. Грузия — 1333.76;
    • 95. Армения — 1229.18;
    • 96. Беларусь — 1226.54;
    • 99. Тәжікстан — 1216.76;
    • 100. Қырғызстан — 1213.60;
    • 103. Қазақстан — 1203.64;
    • 112. Әзербайжан — 1177.83.

    Қырғызстанға жол бердік: футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде үш сатыға төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.