Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолымыздан ештеңе келмеді": Магомед Адиев ресейлік клубтағы бапкерлік қызметін жеңіліспен бастады

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: fc-akhmat.ru

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің ресейлік "Ахмат" клубындағы қызметі жеңіліспен басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 7 сәуірде Магомед Адиев "Ахмат" футбол клубының бас бапкері ретіндегі алғашқы ресми матчын өткізді. Грозныйлық команда мәскеулік "Локомативке" қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

"Қолымыздан ештеңе келмеді. Футболшымыздың алаңнан қуылғаны біздің ойынымызға қатты әсер еткені түсінікті. Оның үстіне бірден гол жіберіп алдық. Содан қиын болып кетті. Біз екінші таймда гол соғатын сәт жасаған жоқпыз. Бұның бәріне не себеп болғанын айтуға дайын емеспін, уақыт қажет. Алғашқы 5-7 минут ішінде біз матчтың қалған бөлігіне қарағанда белсенді болдық. "Ахмат" өз алаңында үнемі белсенді ойнайды. Мен "Ахматтың" атын қайта танытуға тырысамын", – деді Адиев "Матч ТВ" телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Магомед Адиев 5 сәуірде "Ахмат" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Ол Қазақстан құрамасы мен ресейлік клубтағы жұмысын қатар алып жүретін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2080790-qolymyzdan-estene-kelmedi-magomed-adiev-reseilik-klubtagy-bapkerlik-qyzmetin-zenilispen-bastaldy/

pixel