jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнайтын жұптар анықталды

    "ПСЖ" футболшылары
    "ПСЖ" футболшылары. Фото: Photo by Christian Liewig - Corbis/Getty Images

    Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына өткен барлық команда белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 17 сәуірде Чемпиондар лигасының ширек финалының соңғы матчы өтті. Испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубы англиялық "Манчестер Ситиден" пенальти сериясында басым түсіп, жеңіске жетті.

    Осылайша, жартылай финалға төрт команда жолдама алды. Олар: "Боруссия", "Бавария", "ПСЖ" және "Реал Мадрид". Жеребе бойынша бұл командалар 1/2 финалда төмендегідей жұп құрады:

    • "Боруссия" – "ПСЖ";
    • "Бавария" – "Реал Мадрид".

    Жартылай финалдың алғашқы ойындары 30 сәуір мен 1 мамырда өтсе, қарымта матчтар 7-8 мамырда болады.

    Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Лондондағы (Ұлыбритания) "Уэмбли" cтадионында өтеді.

    Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнайтын жұптар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.