jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футбол клубы Премьер лигадағы төрелікке шағымданды

    Жанкүйерлер және "Қайрат" футбол клубының ойыншылары
    Жанкүйерлер және "Қайрат" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    Алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының 7-туры аясында өткен матчтағы төрелік сапасына наразылығын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    4 мамырда "Қайрат" өз алаңында "Атырауды" қабылдаған еді. Бұл ойында 1:0 есебімен алматылық команда жеңіске жетті.

    "Қайрат" футбол клубы 2024 жылғы 4 мамырда "Атырау" футбол клубына қарсы өткен Премьер-лиганың 7-турындағы матчтағы төрелік сапасына алаңдайды. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясына осы оқиғаны объективті тексеруді талап етіп, ресми шағым жіберілді. ҚФФ бұл мәселені тез арада қарап, тиісті шара қабылдайды деп күтеміз", - делінген "Қайрат" командасының Instagram желісіндегі жазбасында.

    Еске салайық, "Қайрат" футбол клубы негізгі командасының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кеткен еді. Қазір алматылық ұжым Қазақстан Премьер лигасының турнир кестесінде 11 ұпаймен 5-орында тұр.

    "Қайрат" футбол клубы Премьер лигадағы төрелікке шағымданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.