jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының келесі ойыны қашан өтетіні белгілі болды

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасы 11 маусым күні Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Аталмыш ойын Мажарстанда, Сомбатхей қаласының "Халадаш" стадионында болады деп жоспарланды. Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен 21:00-де.

    Еске салайық, халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартқан еді. Аргентина құрамасы рейтингтегі 1-орнын сақтап қалды. Екінші сатыда Франция, 3-орында Бельгия командалары тұр. Ал Қазақстан құрамасы үш саты төмендеп, 103-орынға жайғасқан. Ал маусымда кездесетін Әзербайжан құрамасы 112-орында тұр.

    Айта кетейік, қазақстандық миллиардер Англиядағы футбол клубын сатып алған еді.

    Футболдан Қазақстан құрамасының келесі ойыны қашан өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.