jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы дисквалификация алып қалды

    Исламбек Қуат
    Исламбек Қуат дайындық кезінде. Фото: kff.kz

    Тәртіптік-бақылау комитеті футболдан Қазақстан Премьер лигасының 7-турына қатысты санкцияларды жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Комитеттің шешімі бойынша, бірнеше футболшы жазаланатын болды. Қазақстан құрамасы мен "Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат "Ақтөбеге" қарсы матчта қызыл қағаз алған еді. Ол алдағы екі матчтан шеттетілді.

    Қостанайлық "Тобылдың" футболшысы Ермек Абдулла талдықорғандық "Жетісуға" қарсы матч кезінде алаңға бөтелке лақтырғаны үшін алдағы екі матчқа қатыстырылмайтын болды.

    Бес матчтық дисквалификацияны "Атырау" қорғаушысы Матеус Барбоса алды. Бразилиялық ойыншы алматылық "Қайратқа" қарсы ойындағы дөрекілігі үшін жазаланды.

    Барлық жеке санкциялардың мерзімі 4 мамырдан бастап есептеледі.

    Еске салайық, "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының 7-туры аясында өткен матчтағы төрелік сапасына наразылығын білдірген еді.

    Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы дисквалификация алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.