jitsu gif
Спорт

    "Орыстілді ортада жұмыс істегім келді": Станислав Черчесов неге Қазақстан құрамасын таңдағанын айтты

    Cтанислав Черчесов
    Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

    Ресейлік бапкер Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға неге келіскенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    3 маусымда Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.

    "Қай елдерден ұсыныстар түскенін айтқым келмейді. Бірақ тағы да шетелде қызмет етуге құлқым болмады. Екі жыл Мажарстанда жұмыс істедім. Ол жақта ағылшынша және немісше сөйлеу керек болды. Сол үшін орыстілді ортада жұмыс істегім келді. Ресейде еңбек етемін деп келгенмін. Қазақстан – орыстілді мемлекет. Біз КСРО-да өстік, сондықтан мен үшін ешқандай айырмашылығы жоқ", - деді Черчесов.

    Айта кетейік, 60 жастағы маман Ресейдің "Спартак", "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" сынды командаларында жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Бұдан бөлек Ресей құрамасын, Польшаның "Легия", Мажарстанның "Ференцварош" клубтарын баптаған. Оның басшылығымен Ресей құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалына жетті.

    "Орыстілді ортада жұмыс істегім келді": Станислав Черчесов неге Қазақстан құрамасын таңдағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.