Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самат Смақов: Магомед Адиевке қарағанда жаңа бас бапкердің тәжірибесі мол

Опубликовано:

Самат Смақов пен Роналду
Самат Смақов пен Роналду. Фото: instagram/kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақов Станислав Черчесов туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Самат Смақов KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында жаңа бапкердің тағайындалуы туралы пікірін айтты.

"Станислав Черчесовтің бас бапкер қызметіне тағайындалуына қатысты нақты баға бере алмаймын. Себебі бұл федерацияның таңдауы. Ал біз олардың шешімін талқылай алмаймыз. Бұл этикаға жатпайды. Барлығын уақыт көрсетеді. Десе де ұлттық құрамаға сенім артамыз. Жанкүйерлерден бастап, журналистерге дейін барлығы жоғары нәтиже күтеді. Еуропа чемпионатының өткен жылғы іріктеуінде командамыз жақсы жетістікке жетті. Енді жанкүйерлер жаңа бапкерден де кемі осындай нәтиже күтеді", - деді Самат Смақов.

Смақовтың айтуынша, Станислав Черчесовтің бұрынғы бапкерге қарағанда тәжірибесі мол.

"Магомед Адиевке қарағанда жаңа бапкердің тәжірибесі мол. Тіпті ойыншы ретінде де. "Спартак Москва" клубының қақпашысы болды. Ал бапкер ретінде өзін еуропалық командаларда жақсы көрсете білген. "Ференцварош", "Легия" сияқты ұжымдармен ішкі біріншіліктерде чемпион болған. Ең бастысы Ресей ұлттық құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен".

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны болған Самат Смақов команданың алдағы ойындары туралы да айтты.

"Черчесовтің Қазақстан құрамасындағы алғашқы мақсаты толық құрам жасақтау болады. Арменияға қарсы ойында қазіргі жағдайды көрдік. Жігіттер бабында сияқты. Бауыржан Исламхан да жарақатынан айығып, қатарға қосылған. Ал осы екі жолдастық кездесу футболшыларға ғана емес, жаңа бапкерге де көмегін тигізеді. Себебі ол біздің команданы толық білмейді. Десе де Армения мен Әзербайжанға қарсы ойында футболшыларды танып-біліп алады деп ойлаймын", - деді Смақов.

Айта кетейік, ресейлік бапкер Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға неге келіскенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2114532-samat-smaqov-magomed-adievke-qaraganda-zhanga-bas-bapkerding-tazhirbiesi-mol/