jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әзербайжан – Қазақстан матчын қайдан көруге болады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ойын Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында өтеді. Матч cағат 19:00-де басталады және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Осы ойында Қазақстан құрамасына Руслан Балтиев жетекшілік етеді. Ал 3 маусымда бас бапкер болып тағайындалған Станислов Черчесов жолдастық кездесулерден кейін қызметіне кіріседі.

    Әзербайжан және Қазақстан құрамалары бүгінге дейін ресми ойындарда алты рет кездескен. Оның екеуінде Әзербайжан басым түссе, екеуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен. Ал екі ойын тең есеппен аяқталды.

    Еске салайық, 7 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы cырт алаңда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл Қазақстан командасының бұрынғы бас бапкер Магомед Адиевсіз өткен алғашқы ойыны болды.

    Әзербайжан – Қазақстан матчын қайдан көруге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.