Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Тони Кроос мансабындағы соңғы матчын өткізді

Жарияланған күні:

Футболшы Тони Кроос
Футболшы Тони Кроос. Фото: Alex Livesey/Getty Images

Футболдан Германия құрамасының ойыншысы Тони Кроос Еуропа чемпионатында мансабындағы соңғы матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

5 шілдеде Германия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Испанияға қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл Тони Кроостың мансабындағы соңғы матч болды.

34 жастағы футболшы биылғы Еуропа чемпионатынан кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

Тони Кроос – Чемпиондар лигасының алты дүркін жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін, Германияның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2014 жылы Германия құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. Футболшы "Бавария", "Байер" және "Реал Мадрид" командаларында ойнады.

Еске салайық, қазақ журналисі Ерсін Ерік неміс футболшысы Тони Крооспен кездесіп, сұхбаттасқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2129964-euro-2024-toni-kroos-mansabyndagy-songgy-matchyn-otkizdi/