Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Станислав Черчесов: Қағаз жүзінде Норвегия құрамасы бізден мықты екенін мойындау керек

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында Норвегияға қарсы өтетін алдағы матч туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ертең, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын Алматыдағы Орталық стадионда Норвегияға қарсы өткізеді.

"Бізде нақты міндет бар. Ол – Норвегияға қарсы өтетін ертеңгі ойын. Біз оған дайындалып жатырмыз. Ойыннан кейін тағы да кездесіп, сөйлесеміз. Маған команданы көруге мүмкіндік беріңіздерші. Мен кеше оларды бірінші рет бірге көрдім.

Кез келген спортшының міндеті – максимумға жету. Біз енді С лигасында емес, В лигасындамыз. Мұндағы қарсыластарымыз қағаз жүзінде бізден әлдеқайда күшті. Мұны мойындау керек, бірақ бұл ештеңені білдірмейді. Ертең біз бәрін жаңадан бастаймыз және Ұлттар лигасы арқылы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындалу үшін бар күшімізді саламыз. Бұл түсініксіздеу естілуі мүмкін, бірақ мен үшін анық", - деді Черчесов.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Норвегия және Словения құрамаларына қарсы өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялаған еді. Норвегия құрамасы да Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жария еткен болатын.

Сондай-ақ құрамында Эрлинг Холанд пен Мартин Эдегор бар Норвегия командасы Қазақстанға ұшып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157582-stanislav-cherchesov-qagaz-zhuzinde-ulttar-ligasyndagy-qarsylastar-qazaqstannan-myqty-ekenin-moiyndau-kerek/