jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Холанд пен Эдегор да бар: Норвегия құрамасы Қазақстанға ұшып келді (видео)

    Норвегия құрамасының футболшылары
    Норвегия құрамасының футболшылары. Фото: instagram.com/herrelandslaget

    Футболдан Норвегия ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында матч өткізу үшін Қазақстанға ұшып келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Норвегиялық команда құрамында әйгілі футболшылар – "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд және лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор да бар.

    Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстан — Норвегия матчы 6 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда болады және жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Тікелей трансляцияны "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.

    Норвегия құрамасы Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жария еткен болатын. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов те алдағы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялаған еді.

    Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында тағы бір матч өткізеді. Ұлттық құрама Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Словенияға қарсы ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.

    Бас бапкер Станислав Черчесов команданың Норвегияға қарсы матчқа дайындығы жөнінде айтқан еді.

    Холанд пен Эдегор да бар: Норвегия құрамасы Қазақстанға ұшып келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.