Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке шеберлік маңызды": қазақстандық бапкер Түркияда ойнайтын Бахтиер мен Абатқа кеңес берді

Жарияланған күні:

Абат пен Бахтиер
Абат пен Бахтиер. Фото: instagram/kff_team

"Қызылжар" клубының бас бапкері, түрік клубтарының бұрынғы ойыншысы Али Алиев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында бауырлас елдің футбол деңгейі, Қазақстан футбол жүйесіне Түркиядан не үйренуі керек екені туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Али Алиев те футболшы мансабында Түркия чемпионатында өнер көрсеткен. Осы орайда қазақстандық бапкер түрік футболының деңгейі жайлы айтып, қазақстандық футболшыларға ақыл-кеңесін жеткізді.

"Түркия чемпионатының деңгейі барлық аспектілер бойынша назар аударуға лайықты: стадиондар, жанкүйерлер, өнер көрсететін легионерлер, үздік клубтарға ауысып жатқан жергілікті ойыншылар. Мысалы "Реал Мадрид" сапына ауысқан Арда Гүлер. Сол себепті Түркия чемпионатының деңгейі өте жоғары деп айтсақ болады. Мен чемпионаттағы барлық дерлік командаларды бақылаймын, бірақ "Бешікташ" клубына көбірек көңіл бөлемін. Осы командаға көптен бері жанкүйермін.

Жігіттердің ойынын қадағалап отырамын және оларға тезірек бастапқы құрамнан орын алуларына тілектеспін. Зайнутдиновке қиындау, себебі командада бәсекелестік өте жоғары, қателікке орын жоқ. Түркияда футболшының жеке шеберлігі маңызды рөл атқарады. Біз Бақтиермен бұл туралы сөйлестік. Ресей мен Қазақстанда тактика жүйелі және командалық ойынға құрылады, ал Түркияда атап өткендей жеке шеберлік маңызды. Қорғаныста да, шабуылда да қарсыласыңнан мықты болуың керек. Абаттың өзін көрсетуге көбірек мүмкіндігі бар. Ол үшін Абат бар күшін салу керек. Басқа бағытқа бөлетін заттарды ысырып қойып, ойынға ден қою қажет.

Менің ойымша, Түркия мен Қазақстан арасында жоғары деңгейде ынтымақтастық туралы келісімге қол қою қажет. Түркиядағы футболға қатысты барлық жүйені көшіріп алуға болады. Ол матчтарды ұйымдастырудан бастап, теле көрсетілім, стадиондар, командаларға арналған базаларға дейін. Бұл өте жақсы тәжірибе және ынтымақтастық болады деп ойлаймын", - деді Али Алиев.

Айта кетейік, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2175525-zheke-sheberlik-mangyzdy-qazaqstandyq-bapker-turkiiada-oinaityn-bahtier-men-abatqa-kenges-berdi/