jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайда бара жатқанымызды білеміз": Черчесов ұлттық құраманың ойын сапасы туралы айтты

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Скриншот: instagram.com / kff_team

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың ойын сапасы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты өтті. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихатына бас бапкер Станислав Черчесов пен команда капитаны Асхат Тағыберген қатысты.

    "Барша жанкүйерге ауадай қажет дүние – нәтиже. Мен өткенде де айтқам, тағы қайталаймын: Аустриямен сыртта алаңда болған ойынның нәтижесі көңіл көншітпейді. Бірақ ойынның сапасы жағынан бізде даму процесі бар. Словениямен болған ойында да біз допқа көп иелік еттік, бұрыштамалар саны бойынша алға шықтық. Ұлттық құрама қалай жұмыс істеу керегін, қайда бара жатқанын біледі. Біз өз жолымызбен келе жатырмыз", - деді Станислав Черчесов.

    Айта кетейік, ертең, 14 қарашада Қазақстан құрамасы Алматыда Аустрияға қарсы кездесу өткізеді.

    Сондай-ақ футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген федерацияның бұрынғы президенті Әділет Барменқұловтың қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді.

    "Қайда бара жатқанымызды білеміз": Черчесов ұлттық құраманың ойын сапасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.