jitsu gif branding logo appbranding logo app

    УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан – Аустрия ойыны басталды (тікелей эфир)

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

    Бүгін, 14 қарашада сағат 20:00-де футболдан УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан – Аустрия ойыны басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп жатыр. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

    Осыған дейін Қазақстан және Аустрия командаларының матчқа арналған бастапқы құрамы жарияланған еді.

    Қазір Ұлттар лигасының B3 тобында Аустрия командасында 7, ал Қазақстанда тек 1 ұпай бар. Аустриялықтар осыған дейін 2 рет жеңіске жетіп, 1 рет ұтылды және 1 мәрте қарсыласпен тең тсүті. Ал Қазақстан футболшылары 3 рет жеңіліске ұшырап, 1 мәрте қарсылас командамен тең ойнады.

    Айта кетейік, осы аптада Қазақстан командасы тағы бір ойын өткізеді. 17 қарашада біздің құрама сырт алаңда Норвегиямен кездеседі. Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында өтетін матч 22:00-де басталады.

    УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан – Аустрия ойыны басталды (тікелей эфир)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.