jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесов қызметінен кете ме: ҚФФ-ның бас хатшысы жауап берді

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Pedja Milosavljevic/DeFodi Images via Getty Images

    Қазақстан футбол федерациясы 20 желтоқсанға дейін кадрлық өзгерістер енгізбейді, соның ішінде құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметіне қатысты мәселе қарастырылмайды. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Андрей Дудин мәлімдеді, деп KAZ.NUR.KZ Rsport сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Андрей Дудиннің айтуынша, соңғы шешімдер 20 желтоқсанда өтетін ҚФФ-ның жаңа президент сайлауынан кейін қабылданады. Бұл мерзімге дейін ұйымның барлық стратегиялық және кадрлық мәселелері тоқтатыла тұрады.

    "Станислав Саламұлымен келісімшарт жасасқан кезде бұл келісімнің жеке тұлғамен емес, федерациямен жасалғанын айтқанбыз. Сондықтан жаңа басшылықтың шешімін күтуіміз керек. Президент сайлауы 20 желтоқсанда өтеді, сол кезде бұл мәселені талқылаймыз. Сол уақытқа дейін ешқандай кадрлық өзгеріс болмайды", - деді Андрей Дудин.

    Станислав Черчесов сәтсіз ойындар сериясына қатысты баспасөз мәслихатында пікір білдірген. Ол команданың ойын жүйесін қайта құруға және жас ойыншыларды шығаруға уақыт қажет екенін атап өтті.

    "Біз ойын стилінің өзгергенін байқаймыз. Соңғы бір матч қалды. Бұл ойынға қайта бейімделіп, күшімізді сынап көру маңызды, себебі алда әлем чемпионатына іріктеу кезеңі тұр", - деді ҚФФ бас хатшысы.

    Айта кетейік, кеше, 14 қарашада Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядан 0:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Ұлттар лигасының биылғы маусымында өткізген 5 ойында Қазақстан құрамасы 4 мәрте жеңіліп, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ өз қақпасына 10 гол жіберіп алса, қарсылас қақпасынан бірде-бір рет саңылау таба алмады.

    Ұлттар лигасының 5-тур матчы аясында кездескен Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы матчта жанкүйерлер "Черчесов, үйге қайт" деп айқайлады.

    Станислав Черчесов қызметінен кете ме: ҚФФ-ның бас хатшысы жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.