jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Черчесов, үйіңе қайт": Аустрия – Қазақстан матчында жанкүйерлер бапкерге наразылық танытты (видео)

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Christian Bruna/Getty Images

    Ұлттар лигасының 5-тур матчы аясында кездескен Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы матчта жанкүйерлер "Черчесов, үйге қайт" деп айқайлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 14 қарашада Алматыда УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Қазақстан мен Аустрия құрамалары кездесті. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

    Әлеуметтік желіде матч барысында қазақстандық жанкүйерлердің "Черчесов, үйге қайт" деп айқайлаған видеосы тарады. Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысына көңілдері толмайтындарын, оның бұл қызметтен кетуін осылай айқайлап көрсетті.

    Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түсті (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілсе (0:4), 4-турда Словенияға есе жіберіп қойды (0:1).

    Сондай-ақ матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында бас бапкер Станислав Черчесов ойынды қорытындылай келе, футболшылардың атын атап баға бермеуді жөн көрді.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 17 қарашада топтық кезеңдегі соңғы ойынын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізеді. Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында болатын матч 22:00-де басталады.

    "Черчесов, үйіңе қайт": Аустрия – Қазақстан матчында жанкүйерлер бапкерге наразылық танытты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.