"Үйреніп қалды": Адиев бас бапкер Черчесовтің журналистермен қарым-қатынасы туралы айтты
Опубликовано:

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қазіргі жаттықтырушы Станислав Черчесов пен қазақстандық журналистер арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт-Экспресс" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз Станислав Саламұлының қарым-қатынас мәнерін жақсы білеміз. Қазақстандық журналистер үшін бұл жаңа тәжірибе екені анық. Дегенмен олар бір-біріне үйреніп қалды деп ойлаймын. Журналистер сұқбатқа мұқият дайындалып, сұрақ қоятын адамның ерекшелігін білуі керек. Сол секілді бас бапкер де журналистермен кездесуге дайындалып, сұрақтарға дұрыс жауап беру жолдарын қарастыруы қажет. Менің түсінігімде, бұл қалыпты процесс. Станислав Саламұлының журналистермен қарым-қатынасында айтарлықтай нәрсе көріп тұрған жоқпын, біз оны бәріміз жақсы білеміз", - деді Магомед Адиев.
13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске бас бапкер: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деп тіл қатқан. Кейін Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан Cтанислав Черчесовтің даулы сөзіне қатысты түсініктеме беруді талап етті.
Айта кетейік, кеше, 14 қарашада Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядан 0:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.
Сондай-ақ осы матч барысында жанкүйерлер "Черчесов, үйге қайт" деп айқайлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2188050-uirenip-qaldy-adiev-bas-bapker-cherchesovting-zhurnalistermen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/