Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан Гвардиоламен де жеңіске жетпейді": ресейлік футболшы Черчесовтің жұмысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Александр Мостовой
Александр Мостовой. Фото: instagram.com/aleksandr_mostovoy_10

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой отандасы Станислав Черчесовтің Қазақстан командасының бас бапкері қызметіндегі жұмысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РБ-Спорт" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтің жетекшілігімен Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, 5 рет жеңілді және 1 рет қарсыласпен тең ойнады. Сондай-ақ ұлттық команда бірде-бір гол соқпай, 6 матчта 15 гол өткізіп алды. Мұндай көрсеткішпен Черчесов шәкірттері B3 тобында соңғы орынға тұрақтап, C дивизионына түсіп кетті.

"Черчесов cекілді Гвардиола да Қазақстан құрамасымен жеңіске жете алмас еді. Станислав қайда бара жатқанын және нәтиже қандай болатынын білді. Қазақтар маған ренжімесін, бірақ олар ешқашан ештеңе жеңіп алмаған және жеңбейді де. Қазақстанда жаңа Месси пайда болмайынша солай болып қалады.

Бір қызығы, Қазақстан құрамасы Черчесов келгенге дейін, Магомед Адиев бас бапкер болған кезде жақсы ойнады. Ал қазір тіпті гол соқпай жүр. Шамасы, Станислав жұмыстан қуылып, Ресейге оралатын сияқты", - деді Мостовой.

Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұған дейін осы қызметті оның отандасы Магомед Адиев атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2189415-qazaqstan-gvardiolamen-de-zhengiske-zhetpeidi-reseilik-futbolshy-cherchesovting-zhumysy-turaly-aitty/