Елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турдан кейінгі нәтижелерін жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше "Астана" футбол клубы өз алаңында португалиялық "Витория" клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.
УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымының жалпы кезеңінде "Астана" командасы 4 ұпай жинап, турнир кестесінде 36 команданың ішінде 23-орынға жайғасты.
УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынап жатыр. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы келесі турда "Челсиге" қарсы матч өткізеді. Бұл ойын 12 желтоқсан Алматыда өтеді.
Ал соңғы турда елордалық "Астана" 19 желтоқсанда сырт алаңда кипрлық АПОЭЛ командасына қарсы ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2194191-astana-futbol-kluby-konferentsiia-ligasynyng-zhalpy-kezenginde-qai-orynga-zhaigasty/