jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзімді кінәлі сезінемін": Игорь Шацкий "Шахтерге" оралуының себебін түсіндірді

    Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий
    Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий. Фото: instagram.com/shats_30

    Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий қарағандылық "Шахтер" клубына оралуының себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 6 желтоқсанда Игорь Щацкий "Ақтөбе" футбол клубынан қарағандылық "Шахтерге" ауысқан еді. Ол Instagram-дағы Stories-ке бұл шешіміне не себеп болғанын жазды.

    "Мен оралдым! Осындай шешім қабылдадым, өйткені маңызды кезде "Шахтердің" жанында болмағаным үшін өзімді кінәлі сезінемін. Мен клубтың Премьер-лигаға оралуына көмектесу үшін бар күшімді салуға дайынмын", - деп жазды Шацкий.

    35 жастағы қақпашы Игорь Шацкий өткен маусымда "Ақтөбе" клубында ойнаған еді. Ол ақтөбеліктермен бірге Қазақстан кубогын жеңіп алып, ел Премьер-лигасында қола жүлде иеленді.

    Айта кетейік, биыл "Шахтер" футбол клубы тарихта алғаш рет Премьер-лигадан шығып қалған болатын. Қарағандылық команда келесі маусымда бірінші лигада ойнайды. "Шахтер" –Қазақстанның екі дүркін чемпионы, ел кубогының иегері, сондай-ақ еурокубоктардың топтық кезеңіне өткен бірінші қазақстандық клуб.

    "Өзімді кінәлі сезінемін": Игорь Шацкий "Шахтерге" оралуының себебін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.