jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Семей" футзал клубын тарихи жетістікке жеткізген бас бапкер қызметінен босатылды

    Дави Мендонса
    Дави Мендонса. Фото: instagram.com/fcsemey

    "Семей" футзал клубы бас бапкер Дави Мендонсамен ынтымақтастықты аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дави Мендонсаның басшылығымен "Семей" командаcы 2023/24 жылғы маусымда өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған еді.

    "Біз Давиге команданың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Оның қызметінде клуб айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Еуропаның 16 үздік командасының біріне айналды. Дегенмен, қазіргі футзал үнемі даму мен бейімделуді қажет етеді. Клуб басшылығы командаға Қазақстан чемпионатында да, халықаралық аренада да бәсекеге қабілетті болып қалу үшін жаңа тәсілдер қажет деген қорытындыға келді", - делінген клуб хабарламасында.

    Жаңа бас бапкер тағайындалғанша бас бапкердің міндетін "Семей" ФК спорт директоры Аслан Смаков атқаратын болды.

    Еске салайық, футзалдан Қазақстан ерлер құрамасы Futsal Planet нұсқасы бойынша әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енген еді.

    "Семей" футзал клубын тарихи жетістікке жеткізген бас бапкер қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.