jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал футболшы Исламбек Қуат астаналық клубтың қатарына қосылды

    Исламбек Қуат
    Исламбек Қуат. Фото: kff.kz

    Тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат "Жеңіс" футбол клубының қатарына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Исламбек – елорда футбол мектебінің түлегі. Оның спорттағы жолы осы "Жеңіс" футбол орталығынан басталған.

    Исламбек кәсіпқой мансабында "Оқжетпес", "Астана","Ақтөбе", "Қайрат" және ресейлік "Оренбург", "Химки" футбол клубтарында ойнаған.

    "Қайраттың" сапында екі рет Қазақстан Кубогының иегері болған. Ол елдің жоғарғы дивизионында және Қазақстан Кубогында 250-тан астам кездесу өткізген. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 64 ойын өткізіп, 6 гол соққан.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қайрат" академиясының түлегі, 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың мансабын атақты "Челси" клубында жалғастыратынын хабарлаған едік.

    Танымал футболшы Исламбек Қуат астаналық клубтың қатарына қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.