"Қайрат" – "Реал Мадрид" кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет етеді
Жарияланған күні:
УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы "Қайрат" және "Реал Мадрид" командалары арасындағы кездесуде кімдер төрешілік ететіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.
Айта кетейік, ойын 30 қыркүйекте сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталады. Матч Qazaqstan және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, 29 қыркүйекте "Реал Мадрид" Алматы қаласына ұшып келді.
Бас бапкер Хави Алонсо бұл кездесуде тәжірибелі футболшыларға сенім артатынын білдірді.
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Алматылық клуб енді "Реал Мадрид"(Испания), "Интер" (Италия), "Арсенал" (Англия), "Брюгге" (Бельгия), "Олимпиакос" (Грекия), "Пафос" (Кипр), "Копенгаген" (Дания) клубтарымен ойнайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2291676-qairat-real-madrid-kezdesuinde-qai-elding-toreshileri-qyzmet-etedi/