36 жастағы танымал қазақ футболшысы алаңға қайта оралды
Жарияланған күні:
Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы, тәжірибелі жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев "Тараз" сапына оралды. Бұл туралы ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Аңыз алаңда. Қазақстан футболының жарқын ойыншыларының бірі, талантты теңбіл доп шебері Ұлан Қонысбаев "Тараз" сапына оралды. Биыл команданың Премьер-лигаға шығуына мол үлес қоса алатын, жастарға демеу көрсететін аңыз футболшы командаға тың серпіліс әкелетіні сөзсіз", - делінген тараздық клубтың Instagram-дағы аккаунтында жарияланған хабарламада.
Ұлан Қонысбаев өз кәсіби мансабында "Тараздан" бөлек "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе" секілді белді клубтарда нәтижелі өнер көрсеткен. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 30-дан аса матч өткізген.
Сондай-ақ ол 2011 жылғы Қазақстан чемпионатының "Үздік футболшысы", Қазақстан чемпионы, Кубок және Суперкубок иегері атанған.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Ұлан Қонысбаев "Тараз" футбол клубының спорт директоры болып тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2333847-36-zhastagy-tanymal-qazaq-futbolshysy-alangga-qaita-oraldy/