jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

    Бегайым Қырғызбаева
    Бегайым Қырғызбаева. Фото: t.me/kff_team

    Бегайым Қырғызбаева футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚФФ-ның мәліметінше, Бегайым Сапарқызы – қазақстандық әйелдер футболының ең жарқын өкілдерінің бірі. Футболшы ретінде 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

    Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп, Қазақстан әйелдер құрамасы тарихындағы ең көп матч өткізген рекордшы атанған. Оның еншісінде елдің басты командасы сапында 85 ойын және 17 гол бар.

    Бегайым Сапарқызы бапкерлік қызметке 2022 жылы ауысқан. Ол "Оқжетпес" және "Елімай" әйелдер командаларын жаттықтырып, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

    Айта кетелік, бұған дейін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов болған еді. Ол биыл қаңтарда қызметінен босатылды.

    Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.