jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Футболдан әлем чемпионаты: АҚШ өз алаңында Парагвайды ірі есеппен ұтты

    АҚШ құрамасы
    АҚШ құрамасы. Фото: John Dorton/USSF/Getty Images

    АҚШ, Канада және Мексика қабылдап жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында АҚШ құрамасы топтық кезеңдегі ойынын жеңіспен бастады. АҚШ Парагвайды 4:1 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    АҚШ пен Парагвай арасындағы матч Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтті. Алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.

    Есеп бірінші таймның жетінші минутында ашылды. Парагвайлық қорғаушы Дамиан Бобадилья өз қақпасына гол соғып, америкалықтарға алға шығуға мүмкіндік берді.

    Бірінші таймның соңына дейін америкалық команда тағы екі гол соқты, шабуылшы Фоларин Балогун дубль жасады.

    Парагвайлықтар екінші таймның 73-ші минутында соғылған бір голды қанағат тұтты. Оны жартылай қорғаушы Маурисио салды. Ал қосымша уақыттың сегізінші минутында АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Джованни Рейна тағы бір гол соқты.

    Осылайша бірінші турдан кейін АҚШ құрамасы үш ұпай жинап, D тобында көш бастады. Бұл топта Түркия мен Аустралия құрамалары да бақ сынайды.

    Футболдан әлем чемпионаты: АҚШ өз алаңында Парагвайды ірі есеппен ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.