Франция, Аргентина және Португалия құрамаларының ойыны: футболдан 17 маусымдағы ӘЧ кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Килиан Мбаппе, Лионель Месси және Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында өнер көрсете бастайды. KAZ.NUR.KZ 17 маусымдағы матчтар кестесін ұсынады.
Қазақстан уақыты бойынша сәрсенбі, 17 маусымда, I және J топтарындағы бірінші тур матчтары өтеді. Турнирдегі ойынын K тобының өкілдері де бастайды.
Қазақстан уақыты бойынша 17 маусымға арналған матчтар кестесі:
00:00 (16-нан 17 маусымға қараған түні). Франция - Сенегал. I тобы, "Метлайф"стадионы, Ист-Ратерфорд
03:00. Ирак - Норвегия. I тобы, "Джилетт" стадионы, Фоксборо
06:00. Аргентина - Алжир. J тобы, "Эрроухед" стадионы, Канзас-Сити
09:00. Австрия - Иордания. J тобы, "Ливайс"стадионы, Санта-Клара
22:00. Португалия - Конго Демократиялық Республикасы. K тобы, "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон
Матчтардың бәрі Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына сілтеме арқылы көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2389206-frantsiia-argentina-zhane-portugaliia-quramalarynyng-oiyny-futboldan-17-mausymdagy-ach-kestesi/