Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Нидерланд құрамасы АҚШ, Канада және Мексика өтіп жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Швецияны ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
F тобындағы екінші тур ойыны Хьюстондағы "Эн-Эр-Джи Стэдиум" стадионында өтіп, 5:1 есебімен аяқталды.
Нидерланд сапында шабуылшылар Брайан Бробби (5 және 17-минуттарда) мен Коди Гакпо (47 және 54-минуттарда) екі голдан соқты. Тағы бір голды шабуылшы Крисенсио Саммервилл (89-минутта) салды.
Швеция сапында шабуылшы Энтони Эланга (59-минутта) көзге түсті.
Осы әлем біріншілігіндегі алғашқы жеңіс нидерландтықтарға төрт ұпай жинап, топта көш бастауға мүмкіндік берді. Швеция үш ұпаймен екінші орында тұр.
Жапонияда бір ұпай, ал Тунисте ұпай жоқ. Бұл командалар бүгін екінші тур ойындарында кездеседі.
Айта кетейік, плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі мықты команда өтеді.
Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған құрамалардың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.
- Германия Кот-д'Ивуарды жеңіп, 2014 жылдан бері алғаш рет ӘЧ-тің плей-офф кезеңіне шықты
- Футболдан әлем чемпионаты: 20 маусымдағы матч кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2391060-futboldan-ach-2026-niderland-quramasy-shvetsiiany-iri-eseppen-zhengdi/