jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

    Футболдан Канада құрамасы
    Футболдан Канада құрамасы. Фото: Jared C. Tilton/FIFA via Getty Images

    Канада құрамасы Оңтүстік Африканы жеңіп, тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    1/16 финалдың алғашқы ойыны АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

    Матчтың тағдырын шешкен жалғыз голды жартылай қорғаушы Стефан Эуштакиу соқты.

    Осылайша, канадалықтар өз тарихында алғаш рет 1/8 финалға шықты. Олар келесі кезеңде Нидерланд пен Марокко арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

    Ал өз тарихында алғаш рет плей-офф кезеңіне дейін жеткен Оңтүстік Африка құрамасы әлем біріншілігіндегі өнер көрсетуін аяқтады.

    Айта кетейік, бүгін 29 маусымда сағат 22:00-де Бразилия - Жапония құрамалары кездеседі. Матчты "Qazsport" және "Qazaqstan" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

    Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.