Тағы бір құрама футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мексика құрамасы плей-офф матчында Эквадорды жеңіп, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Матч Мехико қаласындағы "Банорте" стадионында өтіп, алаң иелері 2:00 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуде соғылған екі голдың алғашқысын ойынның 22-минутында Мексика шабуылшысы Джулиан Киньонес салса, арада он минут өтер-өтпес уақытта шабуылшы Рауль Хименес есепті еселеді.
Бұл жеңіс Мексика құрамасына 1/8 финалға шығуға мүмкіндік берді. Келесі кезеңде мексикалықтар Англия және Конго ДР матчының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Франция мен Норвегия құрамалары 1/8 финалға шыққанын жазған едік.
- Футболдан ӘЧ-2026: Франция мен Норвегия 1/8 финалға шықты
- Футболдан әлем чемпионаты: Германия Парагвайдан жеңіліп, жарыс жолын аяқтады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2394818-tagy-bir-qurama-futboldan-alem-chempionatynyng-1-8-finalyna-shyqty/