Әлем чемпионаты: Аргентина 1/8 финалға шықты, Месси Пеле мен Мбаппенің жетістігін жаңартты
Жарияланған күні:
Аргентина құрамасы АҚШ-тың Майами қаласында өткен футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Кабо-Вердені 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды FIFA-ға сілтеме жасаған kazinform.
Кездесудің 29-минутында Аргентина капитаны Лионель Месси есеп ашып, командасын алға шығарды. Кабо-Верде тарапы таразы басын теңестіргенімен, оңтүстікамерикалық құрама ойын тізгінін қайта қолға алып, тағы екі рет мергендік танытты.
Кабо-Верде матч соңына қарай есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіре алмады. Нәтижесінде Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетіп, плей-оффтың келесі кезеңіне өтті.
Бұл матчта Лионель Месси әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіндегі нәтижелі әрекеттер саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Ол гол соғып, әлем чемпионаттары плей-оффындағы нәтижелі әрекеттер санын 12-ге жеткізді. Осылайша аргентиналық футболшы бұған дейін 11 нәтижелі әрекетпен көш бастап тұрған Пеле мен Килиан Мбаппеден озып шықты.
Сонымен қатар бұл гол Месси үшін әлем чемпионаты-2026 турниріндегі жетінші, ал әлем чемпионаттары тарихындағы 20-гол болды.
Енді Аргентина құрамасы 1/8 финалда Мысыр құрамасымен кездеседі.
- Аргентина құрамасы плей-офф кезеңінде: Футболдан әлем чемпионатының 4 шілдедегі кестесі
- Криштиану Роналду Португалия – Хорватия матчының ең үздік ойыншысы атанды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2396092-alem-chempionaty-argentina-1-8-finalga-shyqty-messi-pele-men-mbappening-zhetistigin-zhangartty/