Португалия - Испания және Аргентина - Мысыр: футболдан әлем чемпионатының 7 шілдедегі кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сейсенбі, 7 шілдеде Қазақстан уақытымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында бірнеше матч өтеді. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ойындар кестесін ұсынады.
Түнде Португалия-Испания және АҚШ-Бельгия матчтары өтеді.
Сейсенбі күні кешке Аргентина мен Мысыр құрамалары кездеседі, бұл ойында Лионель Месси тағы бірнеше рекорд орнатуы мүмкін.
Қазақстан уақыты бойынша 7 шілдеге арналған матч кестесі:
- 00:00 (6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні). Португалия - Испания. "Эй-Ти-энд-Ти" стадионы, Арлингтон. Келесі қарсылас: АҚШ немесе Бельгия.
- 05:00. АҚШ - Бельгия. "Люмен Филд" стадионы, Сиэтл. Келесі қарсылас: Португалия немесе Испания.
- 21:00. Аргентина - Мысыр. "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта. Келесі қарсылас: Швейцария немесе Колумбия.
Барлық матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Португалия-Испания кездесуін Qazaqstan арнасынан да тамашалауға болады.
- Футболдан ӘЧ-2026: Англия Мексиканы жарыс жолынан шығарып, ширек финалға өтті
- Футболдан ӘЧ-2026: Норвегия бес дүркін әлем чемпиондарын үйіне қайтарды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2396520-portugaliia-ispaniia-zhane-argentina-mysyr-futboldan-alem-chempionatynyng-7-shildedegi-kestesi/