Футболдан ӘЧ-2026: ширек финалдың барлық жұбы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аяқталды. Сегіз ұлттық құрама плей-оффтың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Футболдан әлем біріншілігі үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир қожайындары саналатын барлық команда 1/8 финалда жарыс жолынан шығып қалды. Ширек финалға сегіз ұлттық құрама шықты, оның ішінде қазіргі чемпион – Аргентина да бар.
Келесі кезең ойындары Қазақстан уақыты бойынша 10-12 шілде аралығында өтеді. Ширек финал жұптары төмендегідей:
- Франция - Марокко
- Испания - Бельгия
- Норвегия - Англия
- Аргентина - Швейцария
Осылайша, басты титул үшін күресті Еуропадан (UEFA) алты құрама, Африка (CAF) мен Оңтүстік Америкадан (CONMEBOL) бір-бір команда жалғастырады.
Футболдан әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады.
- 1/8 финалдың соңғы ойыны: футболдан әлем чемпионатының 8 шілдеге арналған кестесі
- Португалия - Испания және Аргентина - Мысыр: футболдан әлем чемпионатының 7 шілдедегі кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2397073-futboldan-ach-2026-shirek-finaldyng-barlyq-zhuby-belgili-boldy/