"Әділ ойын да, құрмет те болған жоқ": футболдан Мысыр құрамасының бас бапкері Аргентина жеңісін айыптады
Жарияланған күні:
Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинадан жеңілген футболдан Мысыр құрамасының бас бапкері Хоссам Хассан бірнеше мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Хоссам Хассанның пікірінше, Мысыр құрамасы әлем чемпионатынан лайықты түрде кетті. Десе де ол команда матчтың жеңімпазы болуға да лайық болғанын жеткізді. Ол Аргентина құрамасының жеңісін әділетсіз деп санайтынын айтты.
"Әділ ойын да, құрмет те болған жоқ. Аргентина жеңіске мүлдем лайық болған жоқ. Мен енді әлем чемпионатын көрмеуге уәде берем. Себебі онда әділет жоқ. Бұл менің жеке қарсылығым. Елімізге, үйіме қайтып оралған соң әлем чемпионатын ендігәрі көрмеймін", - деді Хассан.
Сонымен бірге Мысырдың бас бапкері матч арбитрына қарсыласының ықпалы болғанын айтты. Sports.kz Хассанның сөзін былай келтіреді:
"Аргентина арбитрға ықпал етіп, бұл ойынның нәтижесіне әсер еткендей болды. Біз дәл осы судьяның тағайындалуына алдын ала наразылығымызды білдірдік. Тіпті VAR-ды қараған ешкім болмады. Бәрі де футболкадан тарту деректерін көрді, бірақ голды есепке алмау үшін сол эпизодты қайта қараған жоқ. Өмір осындай, әділетсіз", - деп мәлімдеді бапкер.
Еске салсақ, кеше әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинаның ерлер арасындағы құрамасы Мысыр командасымен кездескен. Екінші плей-офф кезеңінің матчы АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2397295-adil-oiyn-da-qurmet-te-bolgan-zhoq-futboldan-mysyr-quramasynyng-bas-bapkeri-argentina-zhengisin-aiyptady/