"Не деген масқара": Бразилия президенті ӘЧ-тегі жеңілістен кейін елге оралмаған футболшыларды сынға алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Сильва әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін елге оралмаған ұлттық құрама ойыншыларын сынға алды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалған футболшылардың дені Бразилияға оралмаған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) ұшағы Рио-де-Жанейроға 26 ойыншының біреуімен – қорғаушы Даниломен ғана оралған. Футболшымен бірге елге жаттықтырушылар штабының өкілдері мен CBF қызметкерлері ұшып келген.
Қалған ойыншылар демалысқа кеткен немесе жаңа маусымға дайындалу үшін өз клубтарына оралған.
Футболшылардың бұл әрекеті ел президентінің ашуын келтірген.
"Мен Бразилия құрамасының бапкері Карло Анчелоттиге хабарлама жібердім. Ұлттық құраманың ұшағында ешкім болмады деуге болады. Жігіттер, бұл не деген масқара!
Сол ұшақпен бір ғана ойыншы оралды, қалғандарының бәрі сол жерде қалды. Егер олар турнирде жеңіске жеткенде, мұнда бәріміз билеп жүрер едік", - деді да Силва.
Естеріңізге сала кетейік, Бразилия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Холандтың дублі Норвегияға келесі кезеңге өтуге мүмкіндік берді.
- ӘЧ-2026: Англияның футбол құрамасы ширек финалда Норвегияны жеңді
- Марокко құрамасының әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін Лондонда жаппай тәртіпсіздік болды (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз